» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі

Жемқорлықты жою – еліміздің фундаменталды құндылығы – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гулденуіне жағдай жасай аламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңына сәйкес қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөлуде. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. Барлық деңгейдегі депутаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бизнес қауымдастығының, жастар ұйымдарының, ғылыми орта мен БАҚ қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылған. Аталған шаралар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Алайда жемқорлықпен күрес әлі өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
Кез келген өркениетті мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл толастаған емес. Өйткені, қоғам дамыған сайын бұл дерттің дендеп бара жатқаны кімді де болса алаңдатпай қоймайды. Жемқорлық біздің елді де айналып өткен жоқ, мұнымен күресуді біз де қолға алдық.
Бұл індет соңғы жылдары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу бола отырып, болашағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жемқорлықпен күрес шаралары күн тәртібінен түспейтіндей халге жеттік. Бұл орайда, республиканың барлық аймағында жиындар мен кездесулер өтіп, тиісті органдар тарапынан бақылау күшейді. Барлық шаралар жүйелі түрде жүзеге асып, бақылау күшейгенмен айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп айту қиын. Себебі, сыбайластық азайған жоқ. Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөз бар. Бүгін күн тәртібінен түспей отырған мәселенің оң шешімін табуда барлығымыз біріксек, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырсақ істің нәтижесін көруге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Бұл тұста біздің әрбірімізге керегі – елге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух. Өзіміздің, ұрпағымыздың болашағын ойласақ, тірлігіміздің жемісін көруді мақсат тұтсақ, дәл бүгіннен бастап қоғамдық дертпен күресуге күш салуымыз керек. Келер ұрпаққа кедергісіз келешек, жарқын болашақ, бірлігі бекем ел қалыптастыру бүгіннің еншісіндегі жауапты іс.
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі де осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Біз осы кеселмен күресу арқылы өскелең ұрпаққа да жемқорлықтың үлкен дерт екенін ұғындыра аламыз.

Куляим КАИПБАЕВА,
Жалағаш аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
09 қыркүйек 2021 ж. 198 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930