Университетте халықаралық байланыс деңгейі жоғары
Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама арқылы білім алушылар белгілі бір академиялық кезеңге оқуға немесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге өзге ЖОО баруына мүмкіндіктер бар. Осы арқылы білім алушылар мен оқытушылар ғылыми және білім беру саласында халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтайды.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 4 қазан күні 9 білім алушы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша Республикасының Лодзь университетіне оқуға жіберіледі. Сондай-ақ, Бельгия Корольдігінің Ховест қолданбалы ғылымдар университетіне 2 магистрант, Словения еліне 2 білім алушы оқуға жолдама алды. Барлық шығындар мен шәкіртақысы Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы аясында қолдау тапты. Жалпы шет елде оқуға ниет білдірушілер жыл сайын артып келеді.
Қазіргі таңда университет АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Франция, Италия, Германия, Индонезия, Сингапур, Колумбия елдерінің жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатуда. Шет елде тәжірибе алмасуға ниет білдіргендер үшін ең алдымен қойылатын талап – ағылшын тілінің деңгейі. Білім алушылардың тіл деңгейін көтеру мақсатында университетте TOEFL тест орталығы жұмыс істейді.
«Биыл шектеу шаралары бар елдерді қоспағанда, білім алушылардың шетелдік академиялық ұтқырлығы мен тағылымдамаларына рұқсат етілген. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 2 білім алушы қос диплом бағдарламасы негізінде Корея Республикасының Кангнам университетіне оқуға жіберілді. Білім алушылардың оқу ақысы және жатақхана төлемақысы екі жақты келісімшарт негізінде Кангнам университетінің гранты есебінен жүзеге асады», – деді халықаралық байланыс бөлімінің басшысы Бекзат Ырза.