КӨГІЛДІР ОТЫН: КӨПТЕН КҮТКЕН ШЕШІМ

Елордамыз Астананы газдандыру Сыр өңірінен бастау алатыны – біз үшін үлкен қуаныш. Нақты айтар болсақ, бұл – жобалық құны 370 миллиард теңге болатын инвестиция, ең бастысы жаңа жұмыс орындары ашылады. Жоба бойынша кемінде 200 қызылордалық жұмыспен қамтылады делініп отыр.
Жуырда аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бүгінгі таңда облыс халқының 63 пайызының табиғи газ тұтынуға мүмкіндігі бар екенін айтты. Яғни, 7 аудан орталығының 4-еуіне газ жеткізілген. 2017 жылы Белкөл кентін газдандыру аяқталды және Байқоңыр қаласына газ тарту жұмыстары басталды.
– Осы жылы біз Жосалы кентін газдандыру жұмыстарына кірісеміз және соңғы аудан орталықтары – Жалағаш, Тереңөзек кенттеріне газ құбырын жеткіземіз, келесі кезек – елді мекендердікі, – деді аймақ басшысы.
Тереңөзек кентінде АГТС құрылысын бастауға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлініп, «ТрансАзияКонстракция» мекемесі құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады. Ал Тереңөзек АГРС-нан Жалағаш ГГРП-на дейін жоғары қысымды газ құбыры бұрмасының, Жалағаш кентіне газ жеткізу құбырының, кварталішілік желілерінің жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қорытындысы наурыз айының аяғына дейін белгілі болады.
Экологияны сауықтыру, халықтың әлеуетін арттыру мақсатында елді газбен қамтамасыз етуді жалғастырудың маңызы зор. Сондықтан бұл жоба халықтың өмір сапасын жақсартудың, жарқын болашақтың кепілі. Көп ұзамай өзекті мәселе оң шешімін тауып, аудан халқы да көгілдір отынның игілігін көретін болады.

С.БЕРТАЕВ.