БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Елбасының жаңа бастамалары — еліміздің болашағын ойлаған Ұлт көшбасшысының алысты болжаған саясаты. Президент ұсынған бес бастама еліміз үшін аса маңызды және қоғамның мыңдаған мүшесіне қатысты проблемаларды дер кезінде шешуге шақырады. Шағын несиелендіруді қаржыландыру көлемінің артуы ауылда тұратын адамдарға жақсы демеу болады. Мемлекет басшысының Үндеуінде айтылғандай, шағын несиелендіру көлемі 2018 жылы 62 миллиард теңгеге жетеді. Осының арқасында 14 мың адам шағын несие алып, өз ісін бастауға мүмкіндік алады. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш екі есе жоғары. Егерде әрбір өз ісін ашқан кәсіпкер ең аз дегенде 3-4 адамға жұмыс тауып беретін болса, нәтиже жаман болмайды. Елбасының тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру туралы бастамалары да аса маңызды және олар бүгінгі күні біздің ауданның тұрғындары тарапынан да қолдау табуда.
Елбасының әлеуметтік бастамалары халқымызға, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға қамқорлық, сонымен бірге ертеңгі күнімізге деген зор сенім ұялатады. Сөз жоқ, бұл қадамдар еліміздің әр тұрғынының әлеуметтік жағдайын түзеп, тұрмысын жақсартуға орасан зор үлес болмақ.


Мәлік ОРАЛХАН.
16 наурыз 2018 ж. 832 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930