ТАРИХИ БАСТАМА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛАДЫ
Елбасының барлық бастамалары да халықты əлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталып келгені белгілі. Бірақ өткендегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан «Бес әлеуметтік бастаманың» орны тіпті ерекше, мұны тарихи бастама деп айтуға болады. Маған əсіресе қатты əсер еткені - ауыл тұрғындарына деген қамқорлық болды. Біздің халқымыздың 42 пайызға жуығы əлі де ауыл тұрғындары болып есептеледі. Міне сол халықты əлеуметтік тұрғыдан қолдауда айрықша қамқорлық жасалғалы отыр. Оларға жеңілдетілген өсім пайызымен жылына 14 мың тұрғынға несие берілетін болды. Бүгінгі күнгіден бұл екі есе көп. Кемінде 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді деген сөз. Өйткені бір отбасының қарамағында 3-4 адамы болады ғой. Сөйтіп, ауыл тұрғындары қатты серпіліп өздерінің материалдық жағдайын арттыруға қол жеткізетін болады.
Нұрбол ШӘКІР,
жеке кәсіпкер.