8 АЙДА БАҒДАРЛАМАНЫҢ 30 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ ОРЫНДАЛДЫ
Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, көрсетілген жобалардың іске халық қалаулыларының күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде аудан бойынша сайлауалды бағдарламаның іске асыру жөніндегі Жол картасының 8 айының орындалуға тиісті 89 іс-шараның 26-сы немесе 29,2% толықтай орындалған, 9 іс-шараның мерзімі келмеген, 54 іс-шара немесе 60,7% орындалу үстінде. Осы орайда, бүгін аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шаменовтың төрағалығымен Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері және аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өткізілді. Жиында халық қалаулылары мен Саяси кеңес Бюро мүшелерінің назарына «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасының ағымдағы жылдың 8 айындағы орындалуы баяндалды. Аталған Жол картаның орындалуы бойынша Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова баяндады.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері тұрғындарға арнап көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген болатын. Тұрғындармен кездесу барысында ауыз-су, жол, білім, денсаулық, мәдени ошақтардың құрылысы сынды мәселелер көтерілді. Бүгінде «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен бірінші кезеңіне Таң ауылының 6 көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 239,5 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.Таң елді мекеніндегі №118 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 181,1 млн теңге, облыстық бюджеттен 15,0 млн теңге барлығы 196,1 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Таң елді мекенінде жоба құны 140,0 млн теңге болатын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары басталды. Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы ЮК-146-70 көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жобаның жалпы құны 149,5 млн теңге. Жобаны іске асыру үшін биылғы жылға 59,7 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі. Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 184,8 млн теңге. Жобаны қаржыландыру үшін 2021 жылға бюджеттік өтінімдер тиісті басқармаларға тапсырылды.
Аудан бойынша 2022 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландыруға 938,6 млн теңгені құрайтын 8 жоба ұсынылды. Атап айтқанда: М.Шәменов елді мекеніндегі Мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу, М.Шәменов елді мекеніндегі ішкі көшелерін орташа жөндеу, М.Шәменов елді мекеніндегі аудандық маңызы бар кірме жолды жарықтандыру, кенттегі М.Шәменов көшесін орташа жөндеу, Аққұм елді мекенінің ішкі көшелерін орташа жөндеу.
Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шаменов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасының 2021 жылдың қорытындысымен жоспарланған іс-шаралар толығымен орындауға, әрбір шараға бекітілген депутаттық фракция мүшелеріне бақылауға алып, мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Ахан Кенжебаев