Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін не істеу керек?
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ең алдымен бүлдіршіндерді адалдыққа тәрбиелеп үйрету қажет, кісі ақысын жемеу, өтірік айтуға болмайтындығы туралы тәрбие сағаттарын көптеп өткізу қажет секілді. Осы кезеңнен бастап санасына жеткізе отырып тәрбиелеп шығатын болсақ, бұл оқушылар сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқараста тәрбиеленіп шығады деп ойлаймын. Бұл қазіргі қоғамда тамырын кеңге жайып бара жатқан жемқорлық жалындап тұрған жастардың бағын байлап, нәтижелі жұмыстың іске асуына өз кедергісін келтіріп жатыр. Онымен тек арнайы сала мамандары ғана емес, мына біз қоғам болып күресуіміз қажет.
Дина Мирман,
«Жалағаш Достық мекені»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы