МЕМЛЕКЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМЕН МӘРТЕБЕЛІ
Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Елімізде ана тілімізге қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Әсіресе тілге құрмет көрсету, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінгінің күн тәртібіндегі мәселесі. Бұл жұмыстар толастамайды, тіл бар да оның мәртебесін көтерудегі, өміршеңдігін қалыптастырудағы жұмыстар да жалғаса бермек.
Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады» деп, тіл мәртебесін көтеруді қуаттайтын әрбір азамат оны өзінен бастауы керек екенін меңзеген еді. Расымен, Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесі биіктеп, қоғамдағы азаматтардың барлығы қазақ тілін жетік меңгеруі заңдылық болуы керек.
Ғалымдардың зерттеуінше, әрбір екі апта сайын әлемде бір тіл жер бетінен жойылып кетеді екен. Ал осы ғасырдың аяғында қазіргі қолданыстағы алты мыңнан астам тілдің тең жартысы ұмытылмақ. Оның соңы неге соқтырарын сіз де білесіз. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады, өзгенің тілін, ділін, дінін қабылдап, өзіндік болмысынан айырылады. Ал кез келген ұлт үшін, халық үшін бұдан асқан қасірет жоқ. Санғасырлық тарихымыздан айырылып, болмысымызды ұмытпас үшін ұлттың басты құндылығы – ана тілімізді өз биігінде ұстап тұру, мәртебесін өсіру және осы жолда тынбай күресу керек. Бұған атсалысу әрбір азаматтың ана тілі алдындағы міндеті.
С.Калменова,
Жалағаш АПб-нің КСт- ның инспекторы полиция капитаны
Жалағаш АПб-нің КСт- ның инспекторы полиция капитаны