» » » ТІЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

Кез келген халықтың өзіне тән тілі, діні, болмысын айқындайтын құндылықтары болады. Қазақстан халқын да өзгелерден ерек етіп тұратын осынау құндылықтар барда ел мәңгі жасай бермек. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Елімізде ана тілімізге қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Әсіресе тілге құрмет көрсету, оның қолданыс аясын кеңейту – бүгінгінің күн тәртібіндегі мәселесі.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні бо­лып бекітілген болатын. Тіл мерекесінің бұл күнге бел­гі­ле­нуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тілдің өміршеңдігі үшін алпауыт дүниелер жасап, бар ғұмырын осы жолда сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін елемеу мүмкін емес. Осы Қазақстан тілдер күніне орай аудандық кі­тапханада жыр мүшәйра өтті. «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты жыр-мүшәйраның негізгі мақ­са­ты тілдің құдіретін ұғындыру, насихаттау ар­­­қылы өмір­шеңдігін қа­лыптастыру болды. Атал­­ған байқау барысында тәуел­сіз еліміз үшін тіл мерекесінің маңызы жо­ғары екенін тағы бір дә­лелдеді.

Аудандық мүшәйрада сөз алған кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева да қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлты­мыз­ға деген сүйіспеншілігіміз, осы тілге құрмет көрсету, оны кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпақты да өз ана тілін­де сөйлеуге баулу арқылы оның мәртебесін көтере алатынымызды атап өтті.

– Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момыш­ұлы өз заманында «Тіл байлығы – ел­дің елдігін, жұрт­шы­лығын, ғылыми әдебиетін, өнер­кәсібін, мәдениетін, қо­ғамдық құры­лысын, салт-санасының, жауынгерлік дәс­түрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөл­шері» деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын. Бір сөзбен айтқанда, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәр­тебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, ел­дің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тілі­міздің жұлдызын биіктетуіміз керек, – деді кітап­хана директоры.

Жыр-мүшәйраға кент, ауылдық округтерден он үміт­кер қатысып, үздіктер қатарынан көрінуге ты­рысты. Әр қатысушы өзін­дік ерекшелігімен дараланып, өзгеден ерек көрінді. Барлығы да кеу­делерінен жарып шыққан жырларын тебірене ұсы­нып, қазақ тілі мерейінің мәңгілік үстем болуына тілекші болды.

«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты жыр-мү­шәй­расында өнер көрсеткен үміткерлерге баға берген қазылар алқасы кіл мықтының ішінен шын мықтыны анықтап, лайықты орындарға жай­ғастырды. Байқау нәтижесінде Т.Жүргенов атын­да­ғы №123 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Уәлихан Ма­нас­ұлы І орын алса, №202 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сәния Кәрім ІІ орынды, Мырзабай ахун ауылынан келген Жаңбырбай Дінмұхаммед ІІІ орынды иеленді. Ал қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Жандос ЖАЗКЕН


09 қыркүйек 2021 ж. 248 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031