Қызылорда: Аялдамаларға қазақша атау беріледі
Бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында тындырымды тірлік атқарып, жүйелі жұмыс істеп жүрген ұйымның бірі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы.
Қазақ тілін білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналдыруды негізге алған Қоғамдық бірлестік 32 жылдан бері жеке дара ұйым ретінде әрекет етіп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларын ортаға салды.
5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күніне орай өткен брифингте Сәдуақас Әбдіқадырұлы 1989 жылы қыркүйек айында кеңес одағы кезіндегі оңтүстік партия комитеті тұсында жеке дара ұйым болып құрылған Халықаралық қазақ тілі қоғамының тарихынан сыр шертер тың ақпараттармен бөлісіп, бүгінгі күні маңыз берген негізгі жұмыстарына тоқталды.
Айтуынша қазіргі таңда қала ішіндегі қоғамдық көлік аялдамаларына қазақша атау беру мәселесі қолға алынған. Ұйым бұл бастамасын облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүзеге асыруда.
Айта кету керек, аялдамаларға қазақтың зиялы қауым өкілдерінің суреттерін қоюды да алғаш болып ұсынғандардың бірі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы.