» » Тіл – ұлттың тірегі

Тіл – ұлттың тірегі

Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.

Елімізде ана тілімізге қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Ата Заңымыздан бастап, мемлекеттік бағдарламаларда, жекелеген заңдарда тіл мәселесі қалыс қалып көрген жоқ. Осы орайда келешек ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу – біздің басты парызымыз.
Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында “Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері” деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.
Бір сөзбен айтқанда, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

СалтанатКАЛМЕНОВА,
АПБ-ның кадр саясаты тобынын инспекторы,
полиция капитаны
25 наурыз 2021 ж. 360 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30