ЖАҢА ӘЛІПБИ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы жайында айтып өткен болатын. ХХІ ғасырдағы заманауи технологияның, ғылым мен білім беру процесінің ерекшеліктеріне сай латын әліпбиіне көшудің терең мәні бар. Ғылым мен техника дамыған сайын ана тілімізді түлету, қолданыс аясын кеңейту мақсатында латын әліпбиіне көшудің ең дұрыс қадамдардың бірі екендігіне еліміздің көз жеткізіп отырғаны даусыз. Түбі бір түркі тілдес мемлекеттердің, соның ішінде, өзбек, түрік, азербайжан секілді елдердің латын графикасын қолданып келе жатқандығы белгілі. Латын әліпбиіне түбегейлі көшу тарихтың талай таразысына салынған қазақ халқының ұлттық құндылықтарын түгендеуге, өткенімізді қайта жаңғыртуға сеп болары анық.
«Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-сапасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш», – деп баға берген батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Сондықтан тіл реформасын жүзеге асыру арқылы көп нәрсеге қол жеткіземіз.
Қазақ елінің латын әліпбиіне көшуі жайлы идеясын шетелдің зиялы қауым өкілдері де жоғары бағалап, түркі дүниесі мен жаһандық үдерістерге ықпалдасуға мүмкіндік беретінін айтты.
Халықаралық тіл деңгейіндегі ағылшын тілінің де латын әліпбиіне негізделгені айқын. Сол себепті кириллица графикасын латын әліпбиіне ауыстыру – уақыт талабы. Бұл ана тіліміздің өрісінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Әлемдегі дамыған елдердің көшіне ілесуге жол ашады. Жас ұрпақтың ағылшын тілін, интернет тілін меңгеруіне қолайлы жағдай жасайды. Белгілі түркітанушы ғалым, ағартушы – педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», – деген керемет дана сөзі бар. Ендеше, тіліміздің мәңгілік болып қалуына латын әліпбиінің игі әсері болатынына сенімдімін.
Жанар Шілдебаева,
А.Бисенов атындағы
№38 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі