» » » Ұлтты ұйыстыратын қадам

Ұлтты ұйыстыратын қадам

Тіл – ұлттың жаны. Рухани өрісіміздің кеңейіп , тарихымыздың тереңге тамыр жаюына себеп болар бірден-бір құрал да осы – тіл. Екінші кезекте осы тілімізді әлемдік деңгейде еркін қолданып, кең таралуына ықпал ететін латын әліпбиі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Қазіргі таңда Н.Назарбаевтың осы баста­масының негізінде бірнеше жұмыстар атқарылып, латын әліпбиіне көшу мәселесі мықтап қолға алынуда. Қоғам мен ұлт игілігі үшін атқарылатын осындай шараға әрбір қазақ белсене атсалысуы қажет деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

Ж.Бегімова,
Қаракеткен ауылдық округі әкімдігінің бас маманы


08 шілде 2020 ж. 504 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930