» » Тіл тазалығы және латын әліпбиі

Тіл тазалығы және латын әліпбиі

Латын әліпбиіне өту мәселесі көтерілгенде мамандар ең алдымен, тіл тазалығына назар аударды.

Латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің одан әрі дамуына және оның қолдану аясының кеңейе түсуіне қолайлы мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жоба қазіргі ақпараттық технологиялар заманына барынша сай келетіндіктен, еліміздің әлемдегі ең мықты дамыған, өркениеті жоғары 30 мемлекеттің қатарына қосылуға көмегін тигізеді. Келешек үшін маңызды мәселе жан-жақты ойластырылып, кезең-ке­зе­ңімен жүйелі түрде жүзеге асыры­лады. Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасы на­­­­­зарға ұсынылып, оң пікірлер айтыл­­­­ды. Оңтайлы шешімге бірқатар зи­ялы қауым өкілдері мен ел азамат­тары қолдау көрсетті.
Қазіргі қазақ тілін дамытудың бір жолы – оның төл табиғатына сай келетін әліпби таңдау.Тіліміздің заңдылықтарына сай әліпби таңдауымыз өзге елдің құқығына қол сұғу емес, бұл қазақ тілінің өзінің ішкі мәселесі, еліміздің өзіндік тіл саясатының бағыты болып табылады.
«Латын қарпіне көшу не үшін қа­­жет?» деген сауалдың жауабын мамандар былай деп түсіндірген болатын: біріншіден, қазақ тілінің басқа да ұлттардың тілі тәрізді дербес тіл екендігін және мемлекетіміздің де әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің бірі екендігін айғақтау үшін; екіншіден, Қазақстанның әлем­дік дамудан өз орнын алуы үшін; үшіншіден, туыстас түркі әлемімен барынша жақын қарым-қатынас жасау үшін; төртіншіден, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйрену арқылы топтастыра түсу үшін; бесіншіден, ғылым мен техниканы терең меңгерген, тілін, елін сүйетін, қазақ мемлекетінің келешек тірегі болатын қазіргі жас ұрпақтың болашағы үшін қажет.
Бүгінгі заманда халықаралық дә­режедегі тілдің бірі – ағылшын тілі де латын әліпбиі негізінде екені белгілі. Біріншіден, латын әліпбиін таңдай отырып, біз адамзаттың ең үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндік аламыз. Жаңа технологиялар, инновацияларды аз игеруге болатыны сөзсіз. Өскелең ұрпақ латын әліпбиін меңгерсе, өзге тілдерді тез уақыттың ішінде үйренуіне жол ашылады. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу өткенімізді қайтарумен тең. Қазақ тіліндегі сөздердің табиғи қалпында айтылуына кезінде кирилл жазуына көшуіміз кедергі болды. Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастаған. Шынында, бір ғасыр бойы пайдаланылып келе жатқан кирилица қазақ халқының дыбыстау аппараттарын мүлдем өзгертіп жіберді. Сол дыбыстау аппараттарын да біртіндеп қалыпқа келтіруде латын әліпбиінің әсері болары анық. Әрине, жаңалық болған жерде түрлі сұрақтардың, күмәнді мәселелердің, тіпті қарсы пікірлердің болуы да заңды. Олардың бірсыпырасы әріп пен тілді шатастырудан пайда болған. Мұның барлығы – қоғамға ортақ мәселе. Жалпы қай әліпбиді таңдасақ та онда жат дыбыстар болмауы керек.
Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, баяуламайды. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, осындай келеңсіздіктердің алдын алуға біршама көмегін тигізеді. Сондықтан тіліміздің та­биғи айтылымына қайшы келетін кем­шіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап ке­діргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыруға мүмкіндік туды.
Әліпби ауыстыру – өз тілімізді ұмытып басқа тілге көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді тіл ету. Жан-жақты ойланып жасалған мүлтіксіз әліпби ғана қазақ тілін дамытып, қолданыс аясын кеңейтіп, әлем тіл­дерінің қатарына қосады.
Расында, латын әліпбиіне кө­шу­дің терең логикасы бар. Бұл – қазіргі заманғы қажеттіліктен туын­­­­­­даған игі бастама. Әлемнің да­мыған алпауыт елдерімен те­ре­зе­мізді теңестіріп, солардың кө­шіне ілесуге мол мүмкіндік беретін сая­­си ма­ңызды өзгеріс. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі жетіліп, дамып отырары сөзсіз. Мемлекет бас­шысының қолға алып отырған игі бастамасы ел бола­шағын жар­қын­ етеріне сенеміз.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

11 ақпан 2020 ж. 754 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930