» » » ИГІ БАСТАМА – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

ИГІ БАСТАМА – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Кеше ғана ел Президенті Н.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді.
Осы уақытқа дейін қоғамдағы ең қызу пікірталастың өзегі болып отырған жаңа әліпби мәселесі бүгінде жан-жақты қолдау тауып отыр. Дәйекше белгісін беру арқылы ә,ғ,ң,ө,ү және у әріптерін таңбалау да өз кезегінде қолданыста тиімді деуге болады. Ал, осы уақытқа дейінгі ұсынылған нұсқаларда көпшілік арасында дау туғызған ш және ч әріптерін диграф арқылы таңбалағаны өте орынды әрі осы мәселеде қайшылықтарды біршама азайтары сөзсіз. Апострофтардың орнын ауыстырып, енгізілген дәйекше мен диграфтар барлық жағынан да тиімді әрі латын қарпін қолданатын елдердің әліпбиіне өте жақын. Мұнымен қоса, жаңа әліпбидің бұл нұсқасы жазуда, оқуда аса көп қиындық туғызбайды деп ойлаймын.
Жалпы, бұл әліпби нұсқасы бұрынғы ұсынылған жобаларға қарағанда біршама ықшамдалған. Апостроф белгілер жазуға ыңғайлы дәйекшелерге ауыстырылыпты. Біз ел болып мемлекетіміздің кемел келешегі үшін жасалып жатқан бастаманы қолдап, оның жүйелі жүзеге асуына қоғам болып атсалысуымыз керек. Әрине, бұл тұста жаңа әліпби қазақ тілін дамытудағы негізгі бастама екенін ескерген абзал.

Айзат МАМЫТОВА,
№203 орта мектептің мұғалімі.
23 ақпан 2018 ж. 908 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031