» » ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІН МЕҢГЕРЕМІЗ

ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІН МЕҢГЕРЕМІЗ

Қазіргі қазақ тілін дамытудың тиімді жолы – оның төл табиғатына сай келетін әліпби таңдау. Тіліміздің заңдылықтарына сай әліпби таңдауымыз өзге елдің құқығына қол сұғу емес, бұл қазақ тілінің өзінің ішкі мәселесі, еліміздің өзіндік тіл саясатының бағыты болып табылады.

Алғашында туындаған «Латын қарпіне көшу не үшін қажет?» деген сауалдың жауабын жергілікті ғалымдар былай деп түсіндірген болатын: Бірін­шіден, қазақ тілінің басқа да ұлттардың тілі тәрізді дербес тіл екенін және мемлекетіміздің де әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттердің бірі екенін айғақтау үшін, екіншіден, Қазақстанның әлемдік дамудан өз орнын алуы үшін, үшіншіден, туыстас түркі әлемімен барынша жақын қарым-қатынас жасау үшін, төртіншіден еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйрену арқылы топтастыра түсу үшін, бесіншіден, ғылым мен техниканы терең меңгерген, тілін, елін сүйетін, қазақ мемлекетінің келешек тірегі болатын қазіргі жас ұрпақтың болашағы үшін қажет.
Бүгінгі заманда халықаралық дәрежедегі тілдердің бірі ағылшын тілі де латын әліпбиі негізінде екені белгілі. Біріншіден, латын әліпбиін таңдай отырып, біз адамзаттың ең үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндік аламыз. Жаңа технологиялар, инновацияларды тез игеруге болатыны сөзсіз. Өскелең ұрпақ латын әліпбиін меңгерсе, өзге тілдерді аз уақыттың ішінде үйре­нуіне жол ашылады. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу өткенімізді қайтарумен тең. Қазақ тіліндегі сөздердің табиғи қалпында айтылуына кезінде кирилл жазуына көшуіміз кедергі болды. Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастаған. Шынында бір ғасыр бойы пайдаланылып келе жатқан кириллица қазақ халқының дыбыстау жүйесін мүлдем өзгертіп жіберді. Сол дыбыстау жүйесін де біртіндеп қалыпқа келтіруде латын әліпбиінің әсері болары анық. Әрине жаңалық болған жерде түрлі сұрақтардың, күмәнді мәселелердің, тіпті қарсы пікірлердің болуы да заңды. Олардың бірсыпырасы әріп пен тілді шатастырудан пайда болған. Мұның барлығы қоғамға ортақ мәселе. Жалпы қай әліпбиді таңдасақ та онда жат дыбыстар болмауы керек.
Әліпби ауыстыру – өз тілімізді ұмытып басқа тілге көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді тіл ету. Жан-жақты ойланып жасалған осындай мүлтіксіз әліпби ғана қазақ тілін дамытып, қолданыс аясын кеңейтіп, әлем тілдерінің қатарына қосады.

Ғалия ИЛЬЯСОВА,
№203 орта мектептің мұғалімі

28 қазан 2020 ж. 920 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 786

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031