ЖАҢА ӘЛІПБИ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ АПАРАР ЖОЛ
Қазақ тілінің сөздік қолданысында артық сөздер, терминдер көп. Олардың көбісі біздің тілдік нормамызға, тіл тазалығына сәйкес келмейді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін жұмыс та басталып кетті.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «…Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды» деп Елбасы санамалай отырып, өткен ғасырға баға беріп, орны толмас өкініштерді көрсетті.
Қарап отырсақ, латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің одан әрі дамуына және оның қолдану аясының кеңейе түсуіне қолайлы мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жоба қазіргі ақпараттық технологиялар заманына барынша сай келетіндіктен, еліміздің әлемдегі ең мықты дамыған, өркениеті жоғары 30 мемлекеттің қатарына қосылуға көмегін тигізеді. Қазіргі қазақ тілін дамытудың бір жолы – оның төл табиғатына сай келетін әліпби таңдау.Тіліміздің заңдылықтарына сай әліпби таңдауымыз өзге елдің құқығына қол сұғу емес, бұл қазақ тілінің өзінің ішкі мәселесі, еліміздің өзіндік тіл саясатының бағыты болып табылады.
Елбасының қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы бастамасы заман талабынан туындаған қажеттілік. Өйткені, ақпараттық технологияның қарыштап дамыған уақытында озық елдердің қолданысындағы латын графикасының үстемдігін жақсы білеміз. Мұнымен қоса, әлем елдерінің 80 пайызы осы графиканы қолданады екен. Сонымен бірге, компьютерлік құрылғылардың тиімділігін арттырып, оның барлық мүмкіндігін пайдалануда латын таңбасының әсері мол. Сондай-ақ, ақпарат кеңістігіне еркін бойлап, заманауи технологияларды еш кедергісіз қолдануға жол ашады. Демек, жаңа әліпби басқа елдермен саяси байланыста, мемлекеттің даму жүйесінде дамыған елдердің іс-тәжірибелерін тұтынуда алаңдатарлық қиындық туғызбайды. Керісінше, өз кезегінде қоғам дамуының ауқымын кеңейтеді.

"ЖЖ" ақпарат