ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, КҮРЕСУ – МІНДЕТ

Осы орайда біздің ойымызға ұлттық тәрбие оралады. Осы сұраққа да сол ұлттық болмысымыздың дәрежесі жауап болатын секілді. Неге? Өйткені, бойында ұлттық қуаты жоқ жандар ұлтына жаны ашымайды, елдің перзенті ретінде қай салада болмасын адал қызмет ете алмайды. Ал, ондай адам өз мұратын ұлт мұратынан биік қояды. Жеке мүдде ұлт мүддесінің алдына шықса, сыбайлас жемқорлыққа жол ашылады. Мемлекет ісіне өз ісіндей қарап, мемлекет мүлкіне жаны ашымайтын кез-келген мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа жол береді. Ал, мақаламыздың басында айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлық өз кезегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тежеп, елдің болашағына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан қазірде еліміздегі әрбір Қазақстан азаматының қай қызметте жүрсе де оның қоғамдағы, ұжымдағы ұстанымы тек адалдық, әділдік болуы тиіс. Тіпті жоғарыда айтқанымыздай, әрбір қазақстандық азаматтың бойында болуы тиіс осы адалдық, әділдік секілді адами қасиеттерді біз жас ұрпақтың бойына мектеп қабырғасынан, тіпті отбасынан бастап сіңіруге тиіспіз. Адалдық – төл тәрбиенің бастауы. Болмысы бүтін, ойы таза, адал, әділ адам өз өмірінде түзу жолдан шықпайды. Адалдықты бойына сіңіріп өскен ұрпақ отаншыл, елжанды, мемлекетшіл тұлға болып қалыптасары сөзсіз. Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасағанда осы мәселе ойда тұрғаны абзал.
ШИТМАНОВ ДӘУРЕН ҚАРАЖАНҰЛЫ,
Қызылорда облысы мемлекеттік архиві
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері