Ұстаздар марапат төрінде

Шараға аудандық маслихат хатшысы Г.Құрманбаева және аудандық маслихат депутаттары А.Кенжебаев пен Г.Айтжанова қатысты.
Шара барысында аудандық маслихат депутаттары айтулы мерекемен құттықтап, өз сөзінде ұрпақ тәрбиесінде ұстаздарға қай кезде де үлкен жауапкершілік, зор міндет жүктелетінін айтып өтті. Салтанатты бас қосуға жиылған ұстаздардың еңбектерін бағалап «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы Шаменовтың алғыс хатымен марапатталды.