» » Ұлағатты ұстаздар марапатталды!

Ұлағатты ұстаздар марапатталды!

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Сол үшінде ұстаздар күні қарсаңында ерекше құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау қашаннан дәстүрге айналған.

Бүгін «Nur Otan» партиясының Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағаның бірінші орынбасары Л.Төрешованың «Алғыс» хатымен бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді.

Бүгіні марапаттау шарасына Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері – Тәжібаева Ұлжахан Баймұратқызы, Кенжебаев Ахан Алтынбекұлы және Досымов Қайрат Алмасұлы қатысты. Партия жұмысына белсенділік танытып жүрген бірқатар мұғалімдерді марапаттап, мерекелерімен құттықтады.

Барша ұстаздарымызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары мен еліміздің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тілейміз.

01 қазан 2021 ж. 820 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930