«Құтты мекен» жобасы партия назарында

№124 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 368 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме де ашық конкурс арқылы анықталып, қазіргі таңда "Строй Центр Түркістан" ЖШС жұмыс жасауда. 2021 жылдың 1 тамызында басталған жөндеу жұмыстары қарқынмен өз уақытымен жүргізілуде. "Строй Центр Түркістан" ЖШС жауапты өкілдері жөндеу жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтап, білгіленген межеде тапсыратындарын жеткізуде. Екі бригада жұмыс жасап, нақты жұмыстың 40 % аяқтаған.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында қамтылған бұл нысан алдағы уақытта партияның назарында болып, мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.