Мектеп құрылысы қарқын алды
Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева, аудандық маслихат хатшысы Г.Құрманбаева, аудандық маслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Досымов және аудандық маслихат депутаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы А.Кенжебаевтардың жұмыс сапары Аламесек ауылдық округінің №124 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысумен жалғасты. Мектеп 2 блоктан тұрады. Жаңа оқу жылында жаңадан салынған 140 орындық екінші блогында оқушылар екі ауысыммен оқытылады. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 155 млн. қаржы бөлінсе, қазіргі таңда 212 млн.теңге қаржы қаралып отыр.
Мердігер мекеме "Строй Центр Түркістан" ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын 1 тамызда бастап, жыл аяғына дейін пайдалануға беруді жоспарлануда.
Қазіргі таңда ішкі бұзу жұмыстары толық аяқталып, жөндеу жұмыстары басталған. 40 – қа жуық жұмысшысы бар мердігер компанияның жұмысы қарқынды жүргізілуде.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша Жол картасын қамтылған бұл нысан алдағы уақытта партияның назарында болып, болып, мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.