» » «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

«ҚҰТТЫ МЕКЕН» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін әріптестерім Жалағаш аудандық маслихат депутаттары Қаншагүл Шоңмұрынқызы, Гүлзат Ердаулетқызы, Ахан Алтынбекұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Құрақбайұлымен бірге Таң ауылындағы №118 орта мектеп құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргіздім.  Ауылдағы білім ордасының іргетасы 1982 жылы қаланған. Сонан бергі 40 жылға жуық уақытта мектеп ішінде кішігірім жөндеу жүргізілгенімен, дәл осындай күрделі жұмыстың жасалып отырғаны алғаш. 

Ел игілігіне істеліп жатқан  жөндеу жұмыстары кезінде сапаға мән беру – бірінші кезектегі мәселе. Ағымдағы жылдың мамыр айында басталған жұмыс қазіргі таңда 85% жуық жұмыс аяқталған.  

Терезе орнатылған, ішкі сылақ жұмыстары жасалып, мектептің сыртқы беті металл сайденигпен қапталған, кафельдеу жұмыстары біршама аяқталған. Нысанды 1 қыркүйек оқу жылына дейін тапсыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Басты мақсат - бюджет қаражатының 1 тиынына дейін тиімді жұмсалуын бақылау, құрылыс жұмыстарының сапалылығын және уақытында пайдалануға берілуіне жұмыс жасау. Сайлау науқаны уақытында және сайлаудан кейінде Таң ауылы тұрғындарымен кездесіп, атқарылатын жұмыстарды тізбектеген болатынмыз.
Ендігі жұмыс нақты істермен көрсету.  

ДОСЫМОВ ҚАЙРАТ АЛМАСҰЛЫ,
Жалағаш аудандық маслихат депутаты
17 тамыз 2021 ж. 426 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930