«Құтты мекен» жобасы партия назарында
Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева және аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Жүргенбаев Таң ауылдық округіндегі «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасында қамтылып, "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №118 орта мектеп ғимаратының құрылысына мониторинг жасады.Осы уақытқа дейін де аудандық партия филиалы мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын.
Басты мақсат – құрылыстың сапалы шығуы және уақытында қолдануға берілуі. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Golden City DS» ЖШС жүргізуде. Аталмыш жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 26 тамызында қолдануға берілуі керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан сала мамандары қазіргі таңда жұмыстың 70 % аяқталғанын тілге тиек етті.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта партия назарында болып, мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.