Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партия алаңында тыңдалды
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Аталмыш жиынды Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы төрағалық етіп комиссия, кеңес мүшелері және сала басшылары қатысты.
Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы туралы Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалыбаев Шарабан хабарлама жасады. Қазіргі таңда Жалағаш кентінде ашылған «Сoworking center» орталығы арқылы жастардың өзін-өзі тануы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасау арқылы аудан жастарының 37% яғни 2850 жас қамтылуда. Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуда кент және ауылдық округтерде 14 тақырыптық билбордтар орналастырылған. Аталмыш жұмыстарды «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру көздері» әлеуметтік қызметіне 420,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, «Достық мекені» қоғамдық бірлестігі жүргізуде.
Сондай-ақ аудан әкімінің ресми сайтына, әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар, посттар тұрақты түрде жариялануда.
Аудан бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 8 бейнебақылау орнатылу жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерін заманауи құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында тиісті орындарға ұсыныстар берілуде – деді Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Өсер Маулен. Алдағы уақытта полиция қызметкерлерін заманауи қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету туралы мәселесі партия назарында болатыны айтылды.
Отбасы құндылығын сақтау максатында аудан орталығында отбасыларға арналған психологиялық кабинет ашу мәселесі бүгінде оң шешімін тапты. Бұл туралы Жалағаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Орынбасарова Индира өз хабарламасында айтып өтті. Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында Таң елді мекенінде дәрігерлік емхана құрылысын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінгенін жеткізді. Ал Мырзабай ахун және Ақарық елді мекендеріне ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстарын жүргізілуде.
Бастауыш партия ұйымының атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы хабарлама жасалды. Пандемия басталғалы бері халық жанында болып, өз септіктерін тигізіп жүрген «М.Шәменов ауылдық округі» БПҰ Ералиева Гүлнар алдағы жұмыстары туралы баян етті. Аталмыш БПҰ жұмысын оң деп тапқан Қаншагүл Шоңмұрынқызы алдағы атқаратын жұмыстарына тиісті тапсырмалар берді.