РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады.
Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат - еліміздегі конфессиялар мен өзге ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр.
Бүгін 18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.
Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.
Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен конгрес Елбасының бітімгершілік идеяларына жол ашты. Олардың арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлығымыз», – деген болатын.
Елбасы кітапханасы Рухани келісім күніне орай бейнеролик дайындады, оның мақсаты – еліміздің одан әрі табысты дамуы үшін көпұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын нығайту.
#NurOtan
Гүлжайна Айтжанова,
Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі