СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ – БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау үшін бірлесе жүргізуіміз қажет. Осы заң азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын – алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілетін адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бір ғана құқық қорғау мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қолынан келетін іс-шара емес, оған бүкіл халық ел болып ат салысуымыз керек.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Г.КАСЫМОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы