» » АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Аудан көлемінде осы жылдың 9 айында Қырым Қанды геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, туляремия, листериоз, лептоспироз, адамдармен хайуанаттар арасында құтырма ауруы мен құтырма ауруына күдікті науқас тіркелмеген. Дегенмен жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен, тырнауынан зардап шеккен жарақаттанушылардың 53, бруцеллез ауруының 3, туберкулез ауруының 12, жәндіктер мен кенелердің шағуынан жүгінгендердің 18 жағдайы тіркелген. өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен, тырнауынан зардап шеккендер 1,3 есеге, жәндіктер мен кенелердің шағуынан жүгінгендер 1,5 есеге, туберкулез ауруы 4 жағдайға төмендесе, бруцеллез ауруы бірқалыпты деңгейде тұр.

Аталған жануарлардың әсерінен бола­тын аурулардың өршу деңгейі, оның ал­дын алу, сақ­тану жолдары туралы және құтырма ауруы­ның зардабы жөнінде Жа­ла­ғаш аудандық сани­тариялық-эпиде­мио­ло­гиялық бақылау басқар­масының басшысы Оразғали Аханов баспасөз конференциясында ке­ңі­рек әңгімеледі.

– Жалпы осы тіркелген жұқпалы аурулардың 35-і Жалағаш кентінен, 51-і елді мекендерден болып тұр. Тіркелген жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен, тырнауынан зардап шеккен адам­дардың ішінде он төрт жасқа толмағандары да бар. Көбі иесіз ит, мысықтардан жарақат ал­ғандар. Жарақаттанушылардың бар­лығы ме­ди­циналық көмекке жүгініп, 21-іне шартты, 32-сіне шартсыз егу курсы тағайындалып, 53 адамға ан­тирабиялық вакцина, 2 жарақаттанушыға аити­ра­биялық иммунноглобулин егілді.

Ал аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін жа­нуар­лардың тістеуінен, сілекейленуінен, тыр­науы­нан зардап шеккен жарақаттанушылар арасында құтырма ауруы мен құтырма ауруы­на күдікті науқас тіркелген жоқ. Бұл аурудың алдын алудағы басты жұмыс иесіз ит, мысықтардың көзін жою болып табылады. Бұл жұмыс үшін жергілікті бюджеттен 2 млн 571 мың 360 теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге бұл қаржының 1 млн 855 мың 40 теңгесі егесіз 1036 ит пен 56 мысықтың көзін жоюға бағытталды. Дегенмен құтырма ауруының алдын алу мақсатында арнайы егесіз ит-мысықтарды жою бригадаларын әрбір ауылдық округте, кент орталығында тұрақты түрде жасақталмауы, ал жасақталған бір бригадада екі адамның жұ­мыс істеуі аудан көлемін уақытылы толық қам­та­ма­сыз еткенімен, жануарлардың тістеуінен, сіле­кей­ленуінен, тырнауынан зардап шеккен адам­дардың көбі осы иесіз иттердің жарақат салуынан анықталды, – деді бас санита.

Баспасөз конференциясында осы секілді ау­ру­лардың жай-жапсарын айтқан Оразғали Аханов­тың мәліметіне құлақ түрсек, былтырғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып тұрған бруцеллез ауруымен диспансерлік бақылауға алынған алты адам диспансерлік есепке алынып, қажетті тек­­серістерден өткізіліпті. Маманның сөзінше, аудан көлеміндегі осы аурудың өршуіне себеп ветеринар мамандар мен ет-сүт өнімдерімен айналысатын кәсіпкерлердің қауіпті топ есебіне алу барысының қадағаланбауы, бруцеллезге еш тексерілмеуі, тек ауырған кезде ғана жүгінуі және салғырттықтың әсері болып отыр. Белгілі болғандай, оның соңы бруцеллез ауруының же­дел түріне әкеп соқтырады екен.

Аудан бойынша төрт түлік түрлері диагнос­ти­калық тексерістен түгелдей өткізіліп, жұмыс нәтижесінде 2 бас мүйізді ірі қарадан және 8 бас уақ малдан бруцеллез ауруы анықталып, уақытылы жойылған. Тағы бір мәселе, типтік жобадағы 2 мал сою пункті бола тұра, әлі де аудан тұрғындары жекелігіндегі малдарын өз қораларында сойып сатуда. Сондықтан халыққа жіліктеп сатуға болмайтыны туралы әлі де болса түсіндірме, насихаттау жұмыс­тарының жүргізілуін қажет етеді.

Жәндіктер мен кенелердің шағуынан 18 адам көмекке жүгінсе, оның ішінде 22,2 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екен. Барлық шағымданушылар 14 күнге медициналық бақылаудан өткен, еш­қайсынан ауру анықталмапты.

Айта кетейік, алдыңғы жылы жәндік, кененің шағуынан 39 адам көмекке жүгінсе, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 13 болған еді. Шағымданушылардың барлығы белгілі мерзімге бақылауға алынып, конго-қырым геморрагиялық қызбасымен тіркелген екі адамның біреуі көз жұмған болатын.

Негізі конго-қырым қанды безгегі де аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады. Ауру көктем, жаз, күз айларында кездеседі. Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының тасымал­дау­шысы – қарапайым кене. Кене шағу қауіптілігі кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тара­татын вирустардың сақталуында жатыр. Кенелер адамға мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады. Өйткені қарап отырсақ, кенелердің шығу мерзімі де осы күз, жаз айларында. Дәл осы мезгілдерде адамдар кененің шағуынан зардап шегіп жатады. Егер адамды кене шағып алған болса, онда шұғыл түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгінуі керек. Сосын дәрігерлер ол кісіні 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Аурудың бірінші белгілері, дене қызуы көтерілуі пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Міне, осы айтылған қарапайым ережелерді күнделікті сақтаған жағдайда ғана адам аурудан таза болады.

Жасыратыны жоқ, тұрғындардың басым көп­шілігі өз денсаулығына немқұрайлы қарайды. Денсаулықты ауырған кезде емес, ауырмас бұ­рын, үнемі күту қажет. Адамға берілген күш-қуат пен әр ағза қалыпты тепе-теңдікте, күтіммен жұмыс істеген жағдайда ағза да сізге ұзақ қызмет ететін болады. Бас санитар да осыны қаперден шығармаудың маңызы жоғары екенін айтады.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

25 қазан 2021 ж. 254 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031