» » ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН БҮГІН ОЙЛАУ КЕРЕК

ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН БҮГІН ОЙЛАУ КЕРЕК

Елде мәселе жоқ емес. Олармен күрес жұмыстары да толастаған жоқ. Өзекті мәселелердің ең бастысы, күн тәртібінен түспейтіні – сыбайлас жемқорлық. Біреудің ала жібін аттауды әдетке айналдырғандармен күресте мардымды жұмыс атқарылғанымен, оны толық ауыздықтау мүмкін болмай тұр.

Тәуелсіздік жылдарының басынан сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес мем­лекеттің негізгі міндетіне айналды. Елбасы өзінің саяси құжаттарында, Жол­­дауларында әр саланың дамуына бастайтын жолдарға тосқауыл болатын жемқорлықпен күресуді назардан тыс қалдырған емес. Себебі бұл дерт орын алған ортада пара беруші мен па­ра алу­шы тұтас мемлекетке зиянын тигі­зеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ая­сында тиімді, бірыңғай жалпы мемле­кет­тік саясат жүргізу, мемлекет пен аза­­­маттардың өмір сүруінің барлық са­ла­­ларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қо­­ғамның мемлекетке және оның инсти­тут­­тарына сенімін нығайту – бүгінгі күндегі басты мақсат. Сондықтан оны­мен күрес тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал оны­мен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стра­тегиялық мәнге ие. Әсіресе бұл сер­пінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Түптеп келгенде мемлекетіміз өркен­деп, экономикамыз қарыштап дамысын десек, әрбір отандас қоғам дертімен күресуді өзінің азаматтық парызына айнал­дыруы керек. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен тиімді тетіктерді қосу арқылы күресу еліміздің мемлекеттік саясатының ажы­­­ра­мас бір бөлшегіне айналып отыр. Осы тұрғыда тек ересектер ғана емес, кәмелетке толған жастардың да сана­сына сыбайлас жемқорлықтың әр адам­­­ның жеке басына және мемлекетке ти­гізетін орасан зор зардабын сіңіре беруге тиіспіз. Қоғамға төнген қауіпке қарсы іс-шараларды жастар арасында жиі өткізіп, заңнамаларды жетілдіру ке­рек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қо­ғам болып күресуді тоқтатпағанымыз жөн.

Өмірбек Жақсылық,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

25 қазан 2021 ж. 219 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 727

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031