» » «ENGLISH FOR JASTAR» ЖОБАСЫ

«ENGLISH FOR JASTAR» ЖОБАСЫ

Бүгінгі таңда елімізде ағылшын тілін оқыту жаппай құбылысқа айналуда. Қазіргі уақытта елімізде ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік беретін жүзден астам білім беру орталықтары бар. Олардың көбі ақылы қызметте жұмыс жасайды. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша ата-аналардың басым бөлігі өз балаларының ағылшын тілін меңгергенін қалайды. Бірақта кейбір ата-аналардың оны оқытуға қалталары көтермей жатады. Осы орайда, ауыл мектептеріндегі оқушылардың арасында ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында «Jas Otan» Жастар Қанаты «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп «English for Jastar» жобасын өткізді.

Жобаның басты мақсаты – ауыл оқушыларының сапалы білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, ағылшын тілін оқытуға қызығушылық пен қатысуды арттыруға септігін тигізу. Мақсатты аудиториясы қалаға қарасты кент және ауылдық округтер мен ауыл мектептерінің 6,7,8,9 сынып оқушылары болып табылады.

2018-2019 жылдар аралығында ерікті оқытушылардың көмегімен жоба аясында облысымызда 650 оқушы ағылшын тілін тегін оқып біліп алды.
Бүгінде аталған жоба аясында ауданымызда 17 оқушы білім алып, Elementry және Pre-Intermediate деңгейлерін меңгерді. Білім алған оқушыларға бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында сертификат табыстау рәсімі болып өтті. «English for Jastar» жобасы аясында ерікті түрде сабақ беріп жетекшілік еткен №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі Омар Динара Талғатқызы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төрешова Ляйля Бегалықызының және «Jas Otan» Жастар Қанатының төрағасы Жетпісбаев Нұржан Арғынұлының «Алғыс» хатымен марапатталды. Марапаттау шарасына Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Кенжебаев Ахан Алтынбекұлы және «Jas Otan» ЖҚ Жалағаш аудандық филиалының бөлімше басшысы Серәлі Нарбота Серәлі қатысты.
25 қазан 2021 ж. 143 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031