» » ЖАҢА ЖОБА, ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

ЖАҢА ЖОБА, ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

«Zhas project» – жастарға арналған бірегей бағдарлама. Жоба шеңберінде жастарға өз кәсіби және көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге, оған қоса халыққа пайдалы әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Бағдарлама биылғы жылы да жалғасын тауып, көптеген аудан, ауыл жастарының кәсіп бас­тауына мұрындық болды. Ереже бойынша грант кәсіп бастаушыға қайтарымсыз беріледі. Бірақ, әлеуметтік жобаның грантын жеңіп алған жастар жарты жыл халыққа тегін қызмет көрсетуге міндетті. Бұған дейін де айтқанымыздай, аталған жоба төрт компонентті қамтиды.
Бағдарлама аясында қатысушылар үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады. Сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақыларына бай­ланысты жоғары оқу орнының түлектері 60 мың, қалған қатысушылар 40 мың теңге алады. Бұл жылы Жалағаш жастары ұсын­ған «Zhas project» жобасына қатысқан 300-ге жуық жобаның ішінен 75 жоба тіркеліп, 26 жоба қолдау тапты.
«Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында ауданда жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Соның бірі – «Learn English» ағылшын тілін оқыту орталығы. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып, жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», – деп Елбасы Жолдауда ерекше атап өткен болатын. Осыны негізге ала отырып, арнайы ағылшын тілінің курсын ашуды жоспарлаған Назерке Құлымбай – жоба жеңімпазы атанған жастардың бірі.
– Ағылшын тілі – қазіргі заманда жа­һандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Сондықтан, біз ағылшын тілін оқыту орталығын ашып, жастарды 6 ай тегін оқытамыз. Орталықты ұйымдастыру үшін арнайы орынды жалға алып, құрал-жабдықтар орналастырамыз. Топтың басқа мүшелері оқыту кестелерін дайындап, мақсатты топпен жұмыс жасайды. Жалағаш кентінен 14-29 жас аралығындағы 150 жасты оқытуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен, көп­ба­лалы отбасылардың балаларын оқы­та­тын боламыз, – дейді топ көшбасшысы.
Расында, жастар үшін ағылшын тілін оқыту орталығы игі бастама осы болмақ. Заман ағымына қарай жалағаштық жастар шет тілін меңгеріп, біліктілігін арттырмақ. Жоба көшбасшысы Назеркенің айтуынша, бұл орталық қаржыландыру уақыты аяқ­талған соң да өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Н.АЛМАС.

18 қыркүйек 2018 ж. 1 026 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930