» » «ZHAS PROJECT»: ЖАҢА ЖОБА, ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

«ZHAS PROJECT»: ЖАҢА ЖОБА, ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

 Елімізде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда. Соның бірі жастарға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған ел тұрғындарын қолдауға бағытталған – «Zhas Project» жобасы.
Жастардың идеясы мықты, жоспары сақадай-сай болғанмен, қаржы қолбайлау болса, бизнес әлеміне еркін ену мүмкін емес. Ал «Zhas Project» жобасы идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап,  жеңімпаздарға 1000000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. Халықаралық қайта құру және даму банкі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесуімен жүзеге асқан жоба өткен жылы басталып, еліміздің төрт облысынан 2000-ға жуық жасты қамтыған. Ал биыл «Zhas Project» жобасы Сыр елінде алғаш рет іске асып, жеңімпаздар анықталды.
Жоба дипломы жоқ, жұмыссыз немесе жалақысы аз, мүмкіндігі шектеулі не ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандарды қолдауға бағытталған. Бағдарламаға қатысу үшін 14-29 жас аралығындағы жастар жоба дайындап, бірнеше адамнан тұратын команда жасақтауы қажет. Демек, бір қолдың саласындай біріккен жастар үшін жұмыссыздық мәселесінің шешімі табылады. Егер жобада жеңіп шықса, топ грант иегері атанып, жобаны іске асырған әр ай үшін 6 ай мерзімде шәкіртақы алады. Шәкіртақының көлемі жоғары оқу орнын бітіргендерге  – 60 мың теңге болса, орта оқу орнын немесе мектеп бітірген жастарға – 40 мың теңге. Бұрын мүлде бизнес жоба дайындап көрмеген жастардың күдігін үмітке алмастырып, жоспар нақтылап, бизнес әлемге бағыттау тек мықты маман, менторлардың ғана қолынан келетін іс. Сондықтан бағдарламаға қатысушыларды осы кезге дейін 5 тренер жаттықтырып, елуге жуық тренинг өткізген. Жас кәсіпкерлерге тренерлер кәсіп жүргізуге берілген 6 айлық мерзім аяқталған соң да кеңес беріп, тренинг жүргізеді. Бір ерекшелігі, әлеуметтік жоба болғандықтан, жарты жыл көлемінде жас кәсіпкерлер бизнесінен пайда көрмей, мұқтаж жандарға тегін қызмет көрсетуі қажет.
Облыс бойынша жобаға қатысуға 670-тен астам қызылордалық тәуекел еткен. Жуырда іріктеу сынынан өтіп, миллион ұтып алған жастардың саны белгілі болды. Көш басында 93 жоба жеңімпазымен Қызылорда қаласы тұрса, мұнан кейінгі орында 69 жоба жеңімпазы анықталған Жаңақорған ауданы. Ал Шиеліде – 30, Жалағашта – 26, Сырдарияда – 19, Қармақшыда – 14, Қазалыда – 11, Арал ауданында 4 жоба үздік деп танылған. Бүгінде жобаны үйлестіру тобы ерекше идея иелерін сараптап, жеңімпаздарды қаржыландыру жұмыстарын жүргізуде.
«Zhas Project» бағдарламасына тек қатысушы болған жастың өзі кәсіпкерлік негізде едәуір білім жинақтаған. Жалпы, жоба қоғамда талабына қолдау таппай, «мұндай болмақ қайда деп», «жанбай жатып сөнетін» жастардың бизнес алаңда бақ сынауына үлкен мүмкіндік сыйлады.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
28 шілде 2018 ж. 2 104 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 07:19
Online German Pharmacies Generic Online Pharmacy Tadalis Sx Soft levitra contre indication Les Effets Du Viagra

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 13:53
Commande Cialis Generique cialis 5mg Tadalafil India Levitra Generico Per Ragazze

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930