» » Тоқаев: Алдымен қазақ-орыс тілін үйрену керек, содан кейін ғана ағылшын тілін меңгереміз

Тоқаев: Алдымен қазақ-орыс тілін үйрену керек, содан кейін ғана ағылшын тілін меңгереміз

Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік саясатына қатысты ойын айтты. Президент алдымен қазақ, орыс тілдерін үйренуге ден қою керек екенін жеткізді.

ТоÒаев: ÐлдÑмен ÒазаÒ-оÑÑÑ ÑÑлÑн үйÑÐµÐ½Ñ ÐºÐµÑек, Ñодан кейÑн Òана аÒÑлÑÑн ÑÑлÑн меңгеÑемÑз

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында мемлекет басшысы білім беру саласындағы үштілділік мәселесіне назар аударды. Жиынға өңір әкімдері де қатысты. 

"Бұл өте күрделі әрі маңызды сұрақ. Менің ұстанымым: алдымен қазақ тілін, орыс тілін үйрену керек. Бұл екі тіл балаларымыз үшін өте маңызды. Осыдан кейін ғана ағылшын тілін меңгеру керек", - деді ел президенті. 

Бұған дейінгі болған білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылы 13,5 мың мектеп мұғалімі төрт пәнді ағылшын тілінде үйрететінін айтқан болатын. 

Stan.kz 
27 наурыз 2019 ж. 598 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930