» » БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ


Қостанай облысында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан №31 орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Братислав Сетраков күміс жүлдені жеңіп алды.
Білім бәйгесінде топ жарған Братислав қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ІІ орынды иеленіп, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Дипломымен» марапатталды.
– Братислав қазақ тілін жетік меңгерген. Бұған дейін де республикалық, аймақтық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Ал­дағы уақытта да мемлекеттік тіл ме­рейін асқақтатар осындай байқауларға оқу­шыларды қатыстыруды көздеп отырмыз, – дейді жас өренге жетекшілік жасаған пән мұғалімі Тоты Базарбайқызы.
Айта кетейік, соңғы жылдары №31 мектеп-гимназиясының оқушылары елі­міз­дің барлық аймақтарында ұйым­дас­тырылатын білім бәйгелеріне қатысып, жеңіспен оралып жүр. Ұлты орыс болса да, қазақ тілін жетік меңгерген Б.Сетраков енді алтын медальға қол жеткізуді көздеп отыр. Талапты жасқа біз де сәттілік тілейміз.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
29 сәуір 2018 ж. 1 009 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930