ЛИМОН ДИАБЕТТІ ЕМДЕЙДІ

Мәселен, лимонның бойындағы барлық дәрумендер мен минералды заттардың 70 пайызы қабығында сақталады екен. Кей ауруларға лимонды емес, оның қабығын жеген жөн дейді. Айталық, лимонның қабығы холестерин деңгейін реттеп, иммунитетті көтереді. Ал жемісі микробқа, жұқпалы ауруға, бактерияға қарсы ем болады. Лимонды көп тұтынатындар инсульт ауруына шалдықпайды екен. Сонымен қатар онкологиялық аурулардан, суық тиюден, демікпеден, бауыр-бүйрек ауруларынан сақтанады. Оған қоса, артық салмақтан арылтып, семіруге жол бермейді. Аталған аурулардан айығу үшін 1 келі лимон жеу шарт емес. Шипасы мол жемісті шайға, суға қосып ішіңіз немесе лимон қабығынан нәрсу, шырын дайындап ішсеңіз де болады.
Әсіресе лимон қабығы диабет ауруын емдейтін көрінеді. Ол үшін бір дана лимонды тазалап жуып, құрғатасыз. Сосын алма сірке суына салып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң лимонды мұздатқышқа саламыз. 15 сағаттан соң мұздатылған лимонды үккіштен өткізіп, шағын ыдысқа саласыз. Ыдысты тоңазытқышқа қойған дұрыс. Дайын болған қоспаны диабет ауруын емдеу үшін күніне 3 рет 1 шай қасықтан тамақпен бірге қабылдайсыз.
«ЖЖ» ақпарат