» » Қай кезде ұйықтаған ең пайдалы?

Қай кезде ұйықтаған ең пайдалы?

Қай кезде ұйықтаған ең пайдалы?Уақтылы ұйықтау – адам ағзасының биоритмін сақтау арқылы денсаулықты да сақтаудың маңызды жолы. Әсіресе, сомнологтардың айтуынша, адам ағзасының эволюциясы жасап берген ұйқыға жатудың арнайы уақыты бар. Оны ұйқысыз өткізіп алған жағдайда қатері көп болмақ.

Сомнологтар "алтын сағат" (ұйқының алтын уақыты) деп атап кеткен уақыт – түнгі 22.00 мен 23.00-тің арасы. Бұл – нағыз сау, сапалы ұйқыны қамтамасыз ететін кез. Осы уақытта ұйықтау адам ағзасына көп пайда әкеледі.

Мәселен, Британияның The Telegraph басылымының жазуынша, "алтын уақытта" ұйықтаған 80 пайыз адамның табиғи биоритмі жөнделіп, ағзаның қалпына келуі күшеймек.

"Егер адам сағат 23.00-ден кеш жатып үйренсе, табиғи биосағаты істен шығып, циркадты ритмі бұзылады. Ал бұл артерия қан тамырының тозып, жүрек ауруының пайда болуына әкеледі", - дейді британ смонологы Гай Медоуз.

Оның айтуынша, дұрыс ұйықтау мен табиғи заңдылыққа бағынған ұйқы режімін ұстау арқылы адам қан-жүрек ауруларынан ада болмақ.
13 қараша 2021 ж. 308 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930