Сұлу сөзден жыр өрген ақын
Қатира Жәленованың есімі Сыр өңірі ақын қыздарының көш басында тұр. Қаламгердің көркем сөзбен кестеленген жырлары саналуан тақырыпты қамтиды. Өмірі өлеңмен өрнектеліп, қуаныш-мұңын, жүректегі нәзік сезімін сол өлең жолдарына сыйғыза білген ақын поэзиясы белгілі бір дәуір не жас талғамайды. Оның «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» атты жинақтарын қолға алсаңыз, Сырды сұлу сөзбен суреттеген саф, мөлдір, кіршіксіз таза сезімді аңғаруға болады. Сөз зергерінің бір топ өлеңдері «Разбег» атты ұжымдық басылымына шығып, орыс тілді оқырманның сүйікті жырларына айналып та үлгерген. Тәжік ақыны Г.Сүлейменованың «Қырық бұрым» өлеңдер жинағын қазақ тіліне тәржімалап, «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тіліне аударылған. Облыс әкімінің екі мәрте стипендианты. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.
Осындай қазақтың біртуар ақын қызы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова 70 жасқа толды. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында мерейтой иесінің «Сезімнің нәзік сырлары» атты шығармашылық кеші өтті.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысқан кешке ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және аймақтың зиялы қауым өкілдері, еліміздің белгілі қаламгерлері қатысты.
Мерейтойдың шымылдығын Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақ радиосының үздігі, Шиелі ауданының құрметті азаматы, ақын Қатира Жәленова өзінің «Ақын деген халықпыз» атты жыр шашуымен ашты. Мұнан соң облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, ілтипатын көрсетті.
– Өңіріміздегі ақын қыздардың көшбасында тұрған Қатира Сыздыққызы – өзінің өміршең шығармаларымен Сыр елінің рухани-мәдени өміріне зор үлес қосып, туған жердің атын алысқа танытқан талант иесі. Ақынның «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» аталатын жыр жинақтары мен ән мәтіндері өлеңсүйер қауымның сүйікті шығармаларына айналды. Сондай-ақ, ақын өлеңдері орыс тіліндегі жинақтарда жарық көріп, өзінің де аударма ісімен айналысқаны баршаға мәлім. Қазақтың аяулы ақын қызын мерейлі мерекесімен құттықтап, осы тойға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулеттің өзі бастап, халқымызға танымал өнер өкілдерінің ат басын бұрып келуі де Қатира апайдың поэзиядағы өзіндік орнын танытса керек. Құрметті Қатира Сыздыққызы, өзімнің атымнан және Сыр елінің жырсүйер жұртшылығы атынан сізді бүгінгі мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Біз сізді, шығармашылығыңызды әрқашан биік бағалаймыз, – деді облыс әкімі.
Ақынға облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» тапсырылып, дәстүрге сай сый-сияпат көрсетілді. Мұнан соң «Жастар» театры артистері ақынның өлеңдері бойынша сахналандырылған қойылым көрсетті.
Салтанатты шарада ақынның қаламдастары да жылы лебізін білдірді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет одақтың атынан құттықтау тапсырып, сый-сияпат көрсетті.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шәмшия Жұбатова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Байхонов, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы төрағасы Қаршыға Есімсейітова, белгілі сатирик Көпен Әмірбек құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, кеш барысында қазақтың танымал ақын қыздары Ақұштап Бақтыгереева мен Күләш Ахметованың арнайы жолдаған құттықтау өлеңдері оқылды.

Шарада Ұлықбек Есдәулет аймақ қаламгерлерін Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылдап, куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Осындай жоғары құрметке ие болған қаламгерлер арасында біздің әріптесіміз, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі, ақын Қуат Адис, белгілі ақындар Елубай Әуезов, Оңталап Нұрмаханов, «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, ақын Ақтөре Ибрагимұлы, жас ақын Мақсат Дауылбай өзге де аймаққа белгілі шығармашылық өкілдері бар.
Жандос ЖАЗКЕН