БІРЛІК – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ
Мәңгілік Ел болуды мұрат еткен егемен елімізде көптеген этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Ел тәуелсіздігінің баянды болуы ел ішінің тыныштығы мен тұрақтылығына байланысты десек, түрлі ұлт пен ұлыс өмір сүріп отырған Қазақстанда бейбітшіліктің сақталуы бейбіт өмірдің негізіне айналды деуге болады. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің өзара татулығы, ынтымағы аса маңызды. Сонау бір жылдары тағдыр тәлкегімен жылы ұясын тастап, атамекендерінен үдере көшіп, пана іздеп келген жандарды құшақ жайып қарсы алдық, төрімізден жай ұсындық, жатсынбадық. Олардың әрқайсын өз бауырымыздай көріп, қолымыздағы барымызбен бөлістік. Олар да халқымыздың қонақжай көңіліне, қылаусыз пейіліне қарыздар екенін біледі.
Биыл бірлігі бекем, татулығы жарасқан Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік – бұл ең алдымен біздің ортақ тарихымызға тағзым, кемел келешегімізге нық сенім. 30 жылда саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, халықаралық беделге ие, қуатты мемлекетті қалыптастырдық. Тіпті бүкіл әлем Қазақстанды татулық пен тұрақтылықтың мекені деп, үлгі тұтатындай дәрежедеміз. Жас мемлекетіміздің татулықпен өзгеге үлгі бола білуі тегін емес.
Бүгінде киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге ұлт өкілдері де Қазақстанды достық пен татулықтың шынайы мекені деп қабылдап, жатсынған емес. Ұлтаралық татулықты нығайтуда Қазақстанда әрбір ұлт өкілі үлес қосып отыр. Қазақ халқының кеңдігіне, қонақжайлылығына риза болған өзге ұлт өкілдері Қазақстанды ортақ Отанымыз деп санайды. Себебі, жері кең, көңілі дархан ел оларға өз Отанынан артық болмаса, кем емес. 130-дан астам ұлт өкілі мекен ететін егемен ел өз береке-бірлігімен, тату-тәтті өмірімен көпке өнеге десек те артық айтқандық емес. Біздің ауданда да 355 өзге ұлт өкілі тұрады. Олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, жақсы қарым-қатынаста күн кешуде.
«Бәріміз қазақстандықтардың мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі бекем, достығы берік екенін білеміз. Біз де осында қоныстанғаннан бері жайлы да жақсы күндерді бастан кешудеміз. Қазақ халқы біздің әрбіріміздің салтымызға, дініміз бен құндылықтарымызға сыйластықпен қарағанындай, біз де қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қараймыз. Барлық этнос өкілдері дана халықтың қонақжайлылығы мен бауырмалдылығын ерекше бағалайды деп ойлаймын. Бірлік болмай тірлік болмайтынын жақсы білеміз. Сондықтан ең әуелі бірлігімізден ажырамауымыз керек. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта түсуіміз керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген кент тұрғыны, орыс ұлтының өкілі Олеся Антипинаның пікірі жоғарыдағы сөзімізді қуаттай түспек.
Расымен, халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты қағиданы атадан балаға мирас етіп қалдырды. Содан да болса керек, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері кең байтақ қазақ даласында жаңаша өмір ағыны бір арнаға түсіп, елдің ертеңіне деген берік сенім орнығып келеді. Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігінің жемісі. Қазақ халқы ел иесі ретінде қоныстануға мәжбүр болған этностарды кеудеден итермеді, тосырқамады. Керісінше, түрлі этностарға туысындай қамқорлық танытып, қолындағы барымен бөлісіп, бауырына басты. Берекенің бірлікте екенін жете ұққан текті халық күні бүгінге дейін сол этностарға алакөзбен қарап көрген емес. Тамыры тереңде жатқан Жалағаш жері де талай ұлт пен ұлысты өзге деп бөле-жармай, туыстық қарым-қатынас орнатты. Елде тыныштық пен бірлік болса, алдағы уақытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына құтты қадамдар жасалып, өңір халқының қолдауымен қыруар жұмыс жүзеге асырылады деп ойлаймыз. «Ең бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі» деген кәріс ұлтының өкілі, медицина саласының ардагері Лилия Пак Жалағаш жері туған жеріне айналғанын айтады.
– Тағдырдың жазуымен біз кезінде осы қазақ еліне қоныстанып қалдық. Сондай қиын-қыстау заманда ешқайсымызды жатсынбай құшақ жая қарсы алған қазақ халқының кеңдігіне, қонақжайлылығына ризамыз. Қазақстанды ортақ Отанымыз деп санаймыз. Себебі, жері кең, көңілі дархан ел бізге бөтен болған емес. 130-дан аса ұлт шоғырланған қазақ жерінде ауызбіршілікте өмір сүріп, татулықты ту еткен елде тұрып жатқан біз бақыттымыз. Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ұлы халықтың бастан кешпеген қиындығы жоқ. Өздері небір қиыншылықпен күн кешіп отырса да, көңілі дархан, құшағы кең халық сырттан келген ұлттарға қонақжайлық танытып, дастарқандағы асымен бөлісті. Біздің әрбіріміздің қолайлы өмір сүруімізге қол ұшын созды. Талай тағдырды бір шаңырақ астына ұйыстырған, басына бақ қонған қазақ елі 30 жыл ішінде экономикасы қарқынды дамып, шет елдермен байланыс орнатып үлгерді. Мемлекетіміздің танылуына күш жұмсап, дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Біздің «Сыр – Алаштың анасы» деген киелі өлкеміз қазір үлкен жетістіктерге жетті. Бұл – барлығымыз үшін зор мақтаныш, – дейді кент тұрғыны.
Жалпы жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан қандай халықтың да өз ана тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, ұстанымы болады және ол сол халықтың бойында сақталуы тиіс. Біздің көксегеніміз, жалпы адамзат баласының тілегі де, мақсаты да тек тыныштық. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы мақсаты да сол – ұлтаралық татулықты сақтап, аңсап жеткен тәуелсіздігімізге сызат түсіріп алмау. Бүгінде Мемлекет басшысы да бұл мәселеге аса мән беріп отыр. Елімізде мекен еткен әрбір ұлтқа тиісті дәрежеде жағдай жасалуда. Олардың ана тілін жетілдіріп, салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға қамқорлық көрсетіліп келеді. Міне, осындай салиқалы саясаттың арқасында елімізде күні бүгінге дейін қаншама ұлттар мен ұлыстар өзара ынтымағы, бірлігі жарасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатыр.
Қазір Қазақстанда 130-дан аса өзге ұлт пен ұлыс мекен етсе, біздің ауданымызда әзербайжан, тәжік, өзбек, қырғыз, татар, шешен, кәріс, орыс, украин секілді өзге ұлт өкілдері Қазақстан деген қасиетті қара шаңырақтың астында бейбіт те бейқам ғұмыр кешіп жатыр. Олардың бәрі ғасырға жуық уақыт бойы жергілікті халықпен етене араласып кетті. Бейбітшілік бедерінің бұзылмауы тек бір шаңырақ астында ұйысуда, алабөтен ойлардан ада болып, бір туған бауырдай болуда. Сондықтан да олардың тілегі – тыныштық, ниеті – татулық.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ