» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұл мерекенің айырықша маңызы зор.

2012 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі атап өтілді. Мұндай елеулі күн Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті.

Еліміздегі бағындырған биіктеріміз бен қол жеткен табыстарымыз тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде Қазақстан - халқының бірлігі жарасқан, көршілерімен достығы бекем, әлем мойындаған қуатты мемлекетке айналды. Еліміздің қалыптасып, дамуы жолындағы жобалар мен бағдарламалар елдің әлеуметтік-экомикалық мүддесіне қызмет етіп келеді.

Тәуелсіздік алған 30 жылда ауқымды да үлкен істерді Қазақстан халқы Елбасының бастамасымен жүзеге асырды. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, ғылым мен білімде, өнерде елеулі табыстарға жетіп, шекарамыз бекемделді. Адамзатқа орасан зор қауіп төндірген ядролық жойқын қарудан бас тартып, сынақ полигондарын жаптық. Сөйтіп еліміз әлем елдеріне тұрақтылық пен тыныштықтың, ұлттар мен ұлыстар достығының, бейбітшлікті қолдаудың жарқын үлгісіне айналды.

Құрметті, жерлестер!

Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту – Елбасыға деген зор құрметтің белгісі, мереке құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, береке, бірлік тілеймін.

Құрметпен, аудан әкімі А. Шаменов

01 желтоқсан 2021 ж. 600 0