Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың аудан халқын Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қастерлі Ата Заңымыз - тәуелсіздігіміздің тірегі, табысты дамуымыздың кепілі. Ол бейбітшілік пен берекелі өмірдің, заңның үстемдігі мен әділеттіліктің тұғыры болып саналады.
Егемен еліміздің өсуі мен қалыптасу жылдары ізденіс пен жетістік кезеңі болғаны баршаңызға мәлім. Конституция осы уақыт ішінде талай белестерді бағындырған мемлекетіміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуының ұйытқысы болды. Бүгінде уақыт сынынан сүрінбей өткен Қазақстан Республикасы дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орнын алып отыр.
Ата Заңның арқасында Тәуелсіз еліміз 30 жылда толайым табыстарға қол жеткізді. Ата Заңымызбен ата дәстүрімізді жалғастырып келе жатырмыз. "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысынан" бастау алатын Ата заң жиырма бірінші ғасырдың шақыруларына лайықты жауап беретін басты құжатымызға айналды.
Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатымен ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңарулар жүргізілді.
Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіз еліміз жаңаша қадамға жол ашып келеді. Ата Заңның аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға қарқынды жұмыстар қолға алынды. Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды.
Қадірлі жалағаштықтар!
Сіздерді еліміздің ұлық мерекесімен құттықтай отырып, баршаңыздың отбастарыңызға аманшылық, береке бірлік тілеймін.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатымен ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңарулар жүргізілді.
Сіздерді еліміздің ұлық мерекесімен құттықтай отырып, баршаңыздың отбастарыңызға аманшылық, береке бірлік тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болғай