» » Ата Заңым – айбарым!

Ата Заңым – айбарым!

Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конс­титуция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бас­тауына айналды. Ата Заң қабылданған сәттен бас­тап, дамудың жаңа сатысына көштік. Елбасы айтып өткендей, Ата заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам бас­ты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.
Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы қазіргідей халықтың сол кездегі басын біріктіретін, даудың оң шешімін шығаратын, әділдіктің ақ туы – Ата Заңымыз іспетті. Еліміз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы кезеңде тұңғыш Конституциясын 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған болатын. Бірақ, қоғам өміріндегі алуан түрлі өзгерістер мен құбылыстар халықтың ойынан, арманынан шыға бермей, өзге де өркениетті елдермен терезесі тең, керегесі кең, еліміздің саяси және экономикалық жағынан жан-жақты дамуы үшін жаңаша заңның қажеттігін мойындатпай қоймады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Сонымен, еліміз 1995 жылы 30 тамызда өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты – Конституциясын қабылдады.
Ата Заң – бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылық пен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің тұрақтылығына, экономиканың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституция кепіл бере алады.
Халықтың бірлігі – бұл ең алдымен мемлекеттік институттардың мызғымастығы. Бұл мақсатқа Конс­титуцияның арқасында қол жеткізілді. Елімізде халықтың барынша басым қолдауы жағдайында күшті президенттік билік орнықты. Мемлекеттің қалыптасуы, әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғырту жағдайында жоғары биліктің әлсіз болуға құқығы жоқ. Барлық мәселелер біртұтас мемлекеттік билік тармақтарының өзара ықпалдастығы туралы қатаң конституциялық қағидаттар негізінде шешілді.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Бейбіт елдің бақытты халқы, үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде түп-қазығымыз Ата Заңды ардақтасақ, еліміз бұдан да биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетері сөзсіз. Әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Н.Назарбаев – қалың қазақ елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы сая­сатымен танымал болған, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен дара тұлға. Елбасының ғажайып парасаттылығы мен пайымы, ұлтжандылығы арқасында бүгінгі уақытқа дейін бейбіт әрі тыныш өмір сүрудеміз.
Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды тарихта қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын!

Гаухар Нұрсейітова,
КМҚК №7 «Шұғыла» бөбекжай-бақшасының» меңгерушісі.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 223 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930