Конституция – елдіктің алтын діңгегі
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан да шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң – біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауы. Қай елде болмасын Заңның ең үлкені, темірқазығы – Конституция. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең үлкен оқиға – жаңа Конституцияның қабылдануы болды. Оның маңызды ерекшелігі – бүкілхалықтық референдум бойынша күшіне енуі.
Кеше аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аудан басшылығы бастаған ел ағалары, сала мамандары мен кент тұрғындары қатысты. Алдымен өңір басшысы Қайратбек Сәрсенбаев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Ата-бабалар аңсаған егемендікке қол жеткізіп, мемлекеттік әлеуетті дамыта отырып, бүкіл халықтық референдуммен бұдан 23 жыл бұрын Ата Заңымызды қабылдадық. Бір шаңырақ астында жүзі бөлек болса да жүрегі бір, тілі бөлек болса да тілегі бір жүздеген ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, азаматтардың діни сенім бостандығына еркіндік беру тек Конституцияның еркіне берілгені белгілі. Ардақты Ата Заң азаматтық, жариялылық қоғамның негізгі міндеттерін қорғап, ол кемел келешекке нық қадамдар жасауға қанат жайдырды. Сонымен бірге, Ата заңымызда алтын әріппен «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп атап көрсеткен сөздері бүкіл әлемге танымал болған тәуелсіз елдің әр азаматының жаңа өмірге деген ұмтылысын, құштарлығын, бірлігін паш еткендей. Біздің елде Адам құқықтары Конституция негізінде қорғалады. Содан да еліміздің ертеңі бүгінімізден де айқын, көрінеді. Еліміздің демократиялы дамуының негізі – экономикамыздың қарқынды өсуі деп түсінуіміз керек. Өйткені, соңғы жылдары республикамыз басқа мемлекеттер қызығатындай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Ендігі кезекте осындай әлеуметтік, мәдени маңызы бар жұмыстарды одан әрі дамыту бағытында біздің ауданда да ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Тәуелсіз елдің әрбір азаматы дүниежүзіндегі озық, өркениетті елдердің Ата заңдарымен пара-пар келетін, адам өміріне, бостандығына, ар-намысына қол сұғуға жол бермейтін Конституциямызды құрмет тұтуы қажет. Бұл – еліміздің көп ұлтты халқының, баласынан бастап дана қарттарына дейінгі азаматтық парызы. Мереке қарсаңында баршаңызға амандық, елімізге тыныштық, береке мен бірлік тілеймін, – деді аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы.
Салтанатты шарада бірқатар мекеме, бөлім басшылары, сала мамандары өңір басшысының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының мерекелік «Алғыс хатымен» марапатталды.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ,
М.АХМЕТОВ (сурет).