Айбыны асқақ Ата Заң
Мәңгілік елдің бағына орнаған тәуелсіздіктен кейін өмірге келген айбынды Ата Заңымыз қазақтың рухын көтеріп, дамудың даңғыл жолына бастап барады. Адамзаттың абыройы мен мерейін көтеруге негізделген заңның баптары мен тармақтары тек қазақ ұлтының ғана емес, біздің елде бейбіт өмір сүріп жатқан өзге ұлттар мен ұлыстардың да құқығын қорғап, бауырмалдық сипатта жазылып, жарық көруі үлкен адамгершілік, татулық, жанашырлық принципін көздейді. Тұғыры биік, ғұмыры ұзақ заңымыздың беделі жыл санап көтеріліп, елдің игілігіне қызмет жасауда. Мұның бәрі еркіндіктің ақ боз атының кең дала атамекенде көсіліп шауып, азаттықтың көк туын еркін самғатып, ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, кең тыныстаған жылдар шоғырының жемісті қолтаңбасы сынды. Шынында еліміз азаттық алғалы күніміз – шұғылалы, жұлдызымыз – жоғары, бақ құсымыз – баянды, тірлігіміз – бақуатты.
Айналып заңға көшелі,
Кеңіді бүгін арнасы.
Әз Тәуке жазған кешегі,
«Жеті Жарғының» жалғасы.
Арайлы күнге жол аштың,
Аманат болып атадан.
Айбыны сенсің – Алаштың,
Арымдай асқақ Ата-заң!
Шаттықтың күйін шертейік,
Елміз ғой жұртпен тең күші.
Елбасы сүйген еңкейіп,
Елдіктің ерен белгісі.
Раббысын ғана растайтын,
Басымды ием мың рет.
Тура бір жолға бастайтын,
Құраннан соңғы құдірет, – деп ақындар жырлағандай, еліміздің Конституциясы азаматтардың білім алуына, қалаған кәсібін жасауына, демалуына, өзінің армандаған ісімен айналысуына барынша қамқорлық жасайтын, әйел-аналардың, келер ұрпақтың мүддесін қорғайтын, ең бастысы еркіндікке негізделген қалыпты өмір принциптерін қолдайтын міндеттерімен құнды.
Азат елдің айбынына айналған Конституция – тәуелсіздігіміздің ең басты құжаты және халықтың еркін өмір сүруінің, білім алуының, азат елдің айбынды тұлғасы болудың толыққанды кепілі. Қай дәуірде, қай қоғамда болсын, кез келген елдің пайда болуы мен мемлекеттің қалыптасуы, дәуірлеп-өрлеуі белгілі бір құқықтық жүйеге иек артып қалыптасатыны тарихтан белгілі.
Қазіргі Қазақстан мемлекетінің Ата Заңы – ғасырлар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата-бабаларымыздың ар-ожданы мен биік парасатынан тұратын бірлік, тыныштық идеясын өз бойына сіңірген әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі. Солай бола тұрса да, еліміздің Конституциясы әлемдегі ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналатыны – тәуелсіздіктің 3 онжылдық белесін бағындырған Қазақстан үшін зор мақтаныш, үлкен абырой.
Қазақ даласында қалыптасқан мемлекеттік пен құқықтық дәстүр тамыры тереңде. Әлемге әйгілі Күлтегін ескерткішінде «Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті» делінген.
Ұлылық пен даналық дарыған қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы өзіндік әдет-ғұрыптары мен дала заңдары болған. Ол заңның ерекшелігі – шешендік, тапқырлық, айтқыштық өнерді өздеріне темірқазық еткен. Қара қылды қақ жарған әділ билердің өзін де, сөзін де қадір тұтып, олардың есімін ауыз әдебиеті үлгісімен тарихқа таңбалаған.
Түркі бабаларымыздан бастау алған заң түзу қызметі, қазақ хандығы тұсында Қасым ханның, Есім ханның және Тәуке ханның тұсында өз жалғасын тапты. «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған кешенді заң жинағы өмірге келді. Оның негізгі мазмұны Қасым ханның жүргізген мемлекеттік саясатына негізделген. Ал «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағы сол дәуірдегі мемлекеттік басқару жүйесін реттеуге бағытталған.
Қазақ халқының өміріндегі ереже-қағидалардың, салт-дәстүрлердің жүйелі жиынтығы атақты «Жеті жарғы» еді. «Жеті Жарғы» бабаларымыздың жан-жақты байыпталған құқықтық мұрасы болды.
1995 жылғы 30 тамыз күні – жалпыхалықтық Референдумға сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысып, олардың 89,14-ті жаңа Конституцияны қолдады. Бұл тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынып, елдің пікірі ескерілген халықтық Конституция болды.
Конституцияда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі көрсетілген. Биліктің бірден-бір бастауы халық болып танылды.
Осылайша, 1995 жылғы Конституция Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігінің негізін салды. Бүгінде Конституциямыз еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізіне айналып, заң үстемдігінің шынайы үлгісін көрсетіп отыр. Конституциялық нормаларды қатаң сақтай отырып, елімізде Президенттік биліктің демократиялық принциптер негізінде алмасуы орын алды.
2019 жылдың маусым айында өткізілген Президенттік сайлауда «Игілік – баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды тұғырнамасымен Елбасының сенімді серігі, ірі мемлекеттік қайраткер Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қолдауына ие болып, Ел Президенті атанды.
Бүгінде әлемнің бәсекеге қабілетті, ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу мақсатында елімізде кешенді жұмыстар атқарылуда. Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналды. Конституциямыз ел дамуының өміршең құжаты екенін көрсетіп, тәжірибелік маңыздылығын дәлелдей алды.
Әрине, тарих ауқымымен алғанда, бұл аз ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата Заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтіп, өзінің заман талабына сай өміршеңдігін жан-жақты дәлелдей білді.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА