Елорда – ЕЛбасы туындысы

Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміз «Мәңгілік Ел» болу жолында алдына үлкен мақсат қоя білді. Елбасының әрбір Жолдауында көтерілген барлық мәселе жергілікті халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталды. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру жұмыстарын жетілдіру де назардан тыс қалған емес.
Бір сөзбен айтқанда, біз қандай жетістікке жетсек те, қандай сындарлы жылдардан сүрінбей өтсек те осы бағытта жүзеге асқан әрбір істе Тұңғыш Президенттің өзіндік қолтаңбасы қалды. Сарыарқа төрінде алып шаһардың бой көтеруі де қайраткердің ұлы мақсаттарға қол созуының бір көрінісі. Осы жолдағы үлкен еңбекті елі де жоғары бағалайды. Тұңғыш Президентке алып шаһардың атын беру туралы ұсыныс бірауыздан қолдау да тапты. Бұл – заңдылық.
Ерхан БАҚБЕРГЕНҰЛЫ,
аудандық жастар ресурстық орталығының
директоры,
аудандық мәслихат депутаты.