Энтеробиоз –контогиозды гельминтоз ауруларының ішінен кең тараған паразитарлық ауру
Энтеробиоз ауруының қоздырғыштары – острицалар. Острицалар аш ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішекте өмір сүреді. Алдыңғы жағымен олар ішектің қабырғасында жабысып тұрады. Ұйықтап жатқанда, түнде аналық острицалар тік ішек арқылы сыртқа шығады. Перианальдық ауданға әр самка 5-15 мыңға дейін жұмыртқалайды. 4-5 сағ кейін жұмыртқадан личинкалар дамып, олар адамдар үшін залалды болады.1. Мектептер мен балабақшаларда санитарлық және дезинфекциялық ережелерді қатаң сақтау;
2. Балалардың жеке бас гигиенасын сақтау;
3. Тырнақты уақытылы алу;
4. Әжетханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуу;
5. Төсеніштерді, ішкі киімдерді уақытылы ауыстырып, үтікпен басу;
6. Ойыншықтарды жуып пайдалану:
А.О.Меңлібаева
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО»ШЖҚ РМК ҚОБФ
Жалағаш аудандық бөлімшесінің
паразитолог- лаборанты








