» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті жалағаштықтар, қадірменді ағайын!

Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл еліміздің тәуелсіз ел, дербес мемлекет болғанына 30 жыл толды. 1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін жарияладық. Өткен отыз жылда жұмылған жұдырықтай бірліктің арқасында біз елдігімізді баянды еттік, Қазақстанды әлем мойындаған мемлекетке айналдырдық. Ұлтымыздың сағын сындырып, сансыратқан кезеңдер, бодандық дәуір артта қалып, еліміздің жаңа тарихы – мемлекеттің жаңа дәуірі басталды.

Тәуелсіздік алған 30 жылда біз Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалалары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бағытында аса ауқымды шараларды жүзеге асырдық. Біз сіздермен бірге «Қазақстан – 2030» стратегиясында көрсетілген міндеттерді орындау арқылы барлық салалар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Тәуелсіздіктің 30 жылында ауданда да аса ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Ауданымыз сіздердің көз алдарыңызда өсіп-өркендеп, көркейіп келе жатыр. Аудан орталығында, ауылдық елді мекендерде қаншама әлеуметтік нысандар бой көтерді. Мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері ашылып, халық игілігіне берілді. Жыл аяғына дейін тағы да бірнеше әлеуметтік нысандарды ел игілігіне береміз деп жоспарлап отырмыз. Еліміздің экономикасы өсіп, тұрақтанған сайын, әлеуметтік жағдай жақсарып келеді. Биылғы жылдың басты жаңалығы – кент тұрғындары көгілдір отынды пайдалана бастады. Бұның өзі біздің тұрмысымызды жаңа деңгейге көтерген үлкен жаңалық. Сонау 1990 жылдардағы тәуелсіздіктің алғашқы күндеріндегі қиыншылықтарды ұмытпағанымыз жөн. Біздің жақсы күндеріміз алда, біз бұдан да жақсы өмір сүретін боламыз, Қазақстанның болшағы жарқын, бұған кәміл сенеміз.

Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Бүгін сіздерді мерекемен құттықтай отырып, еліміздегі тұрақты экономикалық даму, тыныштық пен бейбітшіліктің баянды болуы үшін еңбек етуге шақырамын. Алда атқарылар іс көп. Бірлік болса, алынбайтын қамал жоқ. Алдағы уақытта да елдің кемел келешегі үшін еңбек етіп, абырой биігінен көрінулеріңізге тілектеспін.

Өміріміз нұрлы, болашағымыз жарқын болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға аманшылық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!

Құрметпен, Жалағаш ауданының әкімі Асылбек ШАМЕНОВ
16 желтоқсан 2021 ж. 208 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930