» » Қызылордада блок-бекеттен өтпек болған автокөліктен аса ірі көлемде есірткі табылды

Қызылордада блок-бекеттен өтпек болған автокөліктен аса ірі көлемде есірткі табылды


Қызылорда қаласының аумағындағы блок-бекетте  «Honda Odyssey» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық «марихуана» есірткі заты анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды.

«Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен  (аса ірі көлемде есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,  сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бүгінгі күні іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.
12 қаңтар 2022 ж. 284 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031