» » Қызылордада тұрғындар жалға алған жерлерін қалталылар иемденіп алғанын айтып шағымданды

Қызылордада тұрғындар жалға алған жерлерін қалталылар иемденіп алғанын айтып шағымданды

жер қайтаруҚызылорда облысындағы Үшінші Интернационал ауылының тұрғындары жерлерінің қайтарылуын талап етіп, бас көтерді. Олардың айтуынша, үш жылдан бері кәсіпкер ауыл тұрғындарына тиесілі шаруа қожалығын заңсыз иемденіп алған. Соның кесірінен қарапайым халық егін еге алмай қалған. Тұрғындар бұл мәселемен аймақ басшысынан бірнеше рет көмек сұрап барыпты. Алайда ешқандай нәтиже жоқ дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 


Әкімдік алдына жиналған Қармақшы ауданына қарасты Үшінші Интернационал ауылының тұрғындары жалға алған жерді кәсіпкер қайтарсын деген талап қойды. Айтуларынша, ауылдағы шаруа қожалығын бір кәсіпкер үш жыл бұрын заңсыз иемденіп алған. Содан бері қанша тұрғын егін егіп, тауып отырған табысынан айырылған. Сондықтан қожалықты өзіне жекешелендіріп алған кәсіпкер мүлде ауылдан кетсін дейді. 

"Заңсыз құжат, заңсыз хаттама жасап мекемемізді алып кетті. Мекемені қайтара алмай жүргенімізге үш жыл болды. Сотпен жеңдік, бірақ қайтармай отыр. Себебі биліктегілер көмектесіп отыр. 35 арыз жаздық. Біреуі де халыққа қайтарсын деп берілген жоқ", - дейді үлескерлердің бірі Алтай Мұсаханов.

Тұрғындар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан да көмек сұрап бірнеше мәрте барған. Алайда әкім бірде-бір рет халық алдына шықпаған. Ал жауапты басқарма басшысы қожалыққа төрағаны сайлауға, жер үлестерін бөлуге ешқандай ықпал ете алмайтынын айтады. Оның сөзінше, бұл – серіктестіктің ішкі шаруасы.

"Жеке шаруашылық мекемесі болған соң, өзінің жеке жиналысын жасап, шешетін мәселе. Үлескерлердің саны 50% жоғары болғанда жиналыс заңды болып саналады. Соған сәйкес өздері таңдаған директорларын қойып, әрі қарай жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Медет Усаинов. 

Ал көпшілік төрағалықтан кетсін деген кәсіпкердің айтуынша, шаруа қожалығына бұған дейін инвестиция салып келген. Әрі серіктестіктің қарыздарын төлеп бергенін айтады. Сонымен қатар Үшінші Интернационал ауылында мүлдем жекеменшік жер жоқ екенін және төрағалықтан қазір кетуге дайын екенін жеткізді

"Қандай жұмыс жасап отыр едім. Тұрғындар кедергі болды. Мен кетемін деп шешім қабылдадым. Жерді де алсын, басқаны да алсын. Бірақ халыққа обал", - дейді "Абай-Дәулет" ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев.

Қызылорда облысында жер дауы соңғы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қарапайым тұрғындардың көбі жалға алған жерлерін қалталылардың иемденіп алғанына наразылық білдіріп жүр.
26 қаңтар 2022 ж. 385 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930