Батаға жерік ана

Құнанбай сұлтанның құдай қосқан қосағы елерме ауруымен шалдығады. Елінің игі жақсыларының арасынан бір қариясы үйіне келіп:
– Уа, сұлтаным келін киелі батаға жерік болыпты, ондай батаны тектінің тұқымы ғана береді, – деп шығып кетеді.
Құнанбай сұлтан ойланып отырып:
– Иә, мынау қария дұрыс айтады. Ауызын айға білеген Батыр Ханбастың ұрпағы палуан Ырсымбетке барайын, – деп жолға шығады.
Жанына жолсерік алып, ал ауру жұбайын түйеге мінгізеді. Араға бірнеше күн салып, киелі табақ Бестораңғылға зиярат жасап, палуан Ырсымбеттің шаңырағына бірақ тоқтайды. Ырсымбет палуан далаға шығып Құнанбай сұлтанды көріп таң қалады. Құнанбай ат үстінде тұрған бойы былай депті:
– Уа, тектінің тұқымы әкең Ағасұр Би Мырзабай Алты Ата Көктің ұлына батпан асыра бата бергенде, маған сол батаның пұт-келісі бұйыра ма деп, атбасын бұрған бұйымтайым бар, – деп аттан түседі.
Ырсымбет палуан түйенің үстіндегі келіншекке көзі түсіп:
– Құнанбай, Құдай жолын ұстаған жансың, жалауыңа жебеуім болсын, жұбайыңды жүресінен отырғыз, – деп бірден түсінген екен.
Күректей алақанын күншығысқа жайып, үйге кіргізбей тұрып былай депті:
– Уа, келінім киелі,
Сүзіп келген сөз аулақ,
Түртіп келген тіл аулақ!
Сүбе-сүбе сөйлесем,
Батыр Хан бастай шері көрсін.
Беліңді буып жеңілденсең,
Ұраншы Махамбеттей ер берсін!
Тақымы таймас Алатаудай,
Сүңгі алмайтын Ер берсін!
Жерік болып желіксең,
Ішкен-жегенің ем болсын!
Алты Алаштың асылы болар,
Алтын асық ұл берсін!
Әділдік болсын ұраны,
Сүзбе тисе де өлмесін!
Осы батадан соң әділдік пен ақ-қарасын ажыратса, тау шайқалған Құнанбайұлы «Ибраһим», Абай Құнанбаев дүниеге келген екен.
Көрдіңіз бе, қазақтың киелі батасының құдіреті дарыған ғұлама Абайды бата жерік болған әз ана дүниеге әкеліпті. «Алып анадан туады» деген тәмсіл осындайда айтылса керек.
Г.АСҚАРҚЫЗЫ