Берік отбасы – есірткіден алыс
Тәрбие тал бесіктен, яғни тәрбиенің қайнар бұлағы – отбасы. Отбасы – қоғамдағы шағын мемлекет, сыйластық, жарастық орнаған орта. Мызғымас берік қоғамды құраушы да – отбасы. Отбасы бала тәрбиесінің негізін қалайтын құтты мекен. Өйткені бала бойындағы адамдық қасиеттер мен құндылықтар отбасында қалыптасады.
Жалпы баланың саналы, адал, адамгершілігі мол, тұлға болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Текті, тәрбиелі отбасында білім алған, ата-ана мен бауырларының мейірімі мен шапағатына бөленіп, ақылымен сусындаған бала ертеңгі қоғамның берік тұтқасына айналары сөзсіз. «Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан. Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау секілді бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен...» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі қоғамдағы кейбір келеңсіз оқиғалар мен жағымсыз жаңалықтарға дәлел болары анық. Әсіресе қазіргі заманда барлық бала ұядан не көрсе соны өмірлік ұстаным етеді деу де қиын. Заманның өзгеруі ме, адамның пиғылының бұзылуы ма, қоғамда жан түршігерлік жағдайлар жетіп артылады. Соның бірі есірткі тұтыну, нашақорлыққа салыну. Ата-бабамыздың қанында болмаған мұндай жат әрекеттер қайдан келді деген сұраққа да дөп басып жауап беру қиынырақ. Бір білеріміз жастардың дені шетелге, батысқа еліктеуден ата жолынан адасып, өз өмірлерін өздері басқа арнаға бұруда. Ең өкініштісі, бұл мәселе ғасыр дертіне айналуда.
Отбасында алған тәрбиеден айнып, араласар ортасы мен дос-жаранның ортақ қызығушылығына ерген кейбір жасөспірімдер нашақорлыққа бой алдырып, еліміздің ертеңін күңгірт, болашағын бұлыңғыр етуде. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын, қауіпті химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді.
Ал осындай дерттің алдын алудың ең маңызды жолы – берік отбасындағы мызғымас тәртіп. Еліміздің күш-қуаты артып, әл-ауқаты жақсару үшін білімді, дені сау, мәдениетті ұрпақ керек. Жер бетіндегі үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі күндей жастардың денсаулығына байланысты. Біз Маденовтер отбасы есірткісіз қоғамды, болашақты таңдай отырып, салауатты өмір салтын ұстанамыз. Отбасы мүшелерінің тәртібі мен біліміне аса мән береміз. Ұлтымыздың тектілігін сақтауды мұрат етіп, ата-баба дәстүрінен айнымаймыз. Өскелең ұрпақтарымызға ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптейміз, ащы су, темекі, есірткі сияқты жаман әдеттерден аулақ болу керектігін бойына сіңіреміз. Сонда ғана қазақтың әр шаңырағында дені сау, білімді, тәрбиелі, еліміздің тізгінін ұстайтын ұл қыздардың өсіп шығарына сеніміміз зор. Есірткісіз болашақтың іргесін бірге қалайық. Біздің отбасы – есірткісіз өмірді таңдайды.

Маденовтер отбасы